БИЫЛ АШЫЛҒАН МЕКТЕПТЕР ЦИКЛІ: «ЖАС ДАРЫН-2»
Pikirlerи (1)
Биылғы оқу жылында қала мектептеріне 233 мыңнан астам оқушы барды. Управления образованияның дерегінше, биыл мектепке барған оқушылар саны алдыңғы оқу жылымен салыстырғанда 8 мың балаға артқан. Бала санының өсуі қосымша білім беру ұйымдарына деген сұранысты арттырды. Білім саласындағы өзекті мәселені оңтайлы шешуге мемлекеттік-жекешелік әріптестік кең мүмкіндік ашты.
Жаңадан ашылған жекеменшік мектептер өз қызметінде мемлекеттік білім беру стандарттарын басшылыққа алады. Мемлекеттік стандартпен бекітілген білім беру үрдісі ақысыз негізде жүргізілсе, оқушының тұлғалық дамуына қызмет ететін үйірмелер ақылы негізде жұмыс жүргізеді. Осы талаптар бойынша биылғы оқу жылында жекеменшік «Жас Дарын-2» бастауыш мектебі жұмысын бастады. Мұнда 400 бала қазақ және орыс тіліндегі оқу сыныптарына қамтылған.
Мектептің материалдық-техникалық базасы заманауи үлгіде толықтырылып, смарттақталармен жабдықталған. Ғимаратта жабық спорт алаңы, хореграфия залы және асхана бөлмесі қаралған.
Білім ордасында ата-аналардың ыңғайына қарай ұзартылған күн тобы ұйымдастырылған. Мұнда оқушылар оқу және жазу техникасын меңгеруге дағдыланады, арифметикалық есептер шығаруға үйренеді.
Мектепте батуттық акробатика, көркем гимнастика, шахмат, көркем сурет, би өнері, ағылшын тілі және таэквондо үйірмелері жұмыс істейді. Оқушыларды тасымалдау қызметі ұйымдастырылған.
Білім беру ұйымы Бәйдібек би даңғылы, №1320 үйде орналасқан.
Білім сапасы мен педагогтардың дайындығын бақылау жекеменшік білім беру ұйымдарында мемлекеттік мектептермен бірдей тәртіпте жүргізіледі.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі




Jane oqynyz

Aqparat / Merekelik sharalar / Mektep janalygy
Шымкент қаласы мектеп оқушыларының оқу кестесіне көшбасшылық бойынша факультативтер енгізілді

Aqparat
ШЫМКЕНТТЕ ПЕДАГОГТАРДЫҢ ЦИФРЛЫҚ ҚҰЗЫРЛЫҒЫН ДАМЫТУ КУРСЫНАН ӨТУ КӨРСЕТКІШІ 100%-ҒА ЖЕТТІ

Aqparat
ШЫМКЕНТТЕ ҰЛТТЫҚ ДЕБАТ ТУРНИРІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ

Aqparat
«ҮЗДІК ПЕДАГОГ - 2021» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ