Qazaqsha | Русский
Школы города Шымкент
» » Шымкент қаласы мектеп оқушыларының оқу кестесіне көшбасшылық бойынша факультативтер енгізілді

Шымкент қаласы мектеп оқушыларының оқу кестесіне көшбасшылық бойынша факультативтер енгізілді

Qosyldy: 23.09.21
Аvtor: admin
Pikirlerи (1)
Шымкентте Болат Өтемұратов Қорының Jas Leader Akademiiasy жобасы аясындағы факультативтік сабақтар басталды. 5-11 сыныптардың 12 мыңнан астам мектеп оқушылары заманауи әлемде сұранысқа ие дағдыларды меңгереді. Сөйтіп, балалар қызықты интерактивті форматта презентация өткізуді, топта жұмыс істеуді және уақытты жоспарлауды үйренеді.
Оқу жылының басына қарай оқушылардың жасына байланысты бейімделген оқу құралдары әзірленді. Жазғы демалыс кезінде жобаға қатысу үшін іріктелген Шымкент қаласының жалпы білім беретін 25 мектебінің 50 мұғалімі оқытудың заманауи әдістері бойынша апталық тренингтерден өтті.
«Көшбасшылық факультативін өткізу бойынша дайындықтан кейін мен оқытушылық қызметке жаңа тұрғыдан қарадым. Бұл тәжірибені мен негізгі пәнім Тарихты оқытуда да пайдаланатын боламын. Маған, әсіресе, «теңге – тең» қағидасы ұнады, ол оқушымен диалог жүргізуді, оны өз пікірін айтуға ынталандыруды білдіреді», - деп белгіледі № 137 орта мектептің мұғалімі Төлебек Бектас.
Jas Leader Akademiiasy бағдарламасы мектепте оқып білу үшін алғаш рет қазақ тіліне аударылған уақытпен тексерілген әдістемелерді қамтиды. Факультативтер мектеп бағдарламасына уақытылы және қажетті қосымша ретінде енгізіледі: "Білім беру жүйесінің міндеті – ертең өз аймағының және жалпы елдің дамуын алдын ала анықтайтын ынталы, белсенді және білімді жастарды дайындау. Біз оқыту сапасын арттыру, мектептерді жаңарту бойынша көп жұмыс жасаймыз. Және балалардың көшбасшылық дағдыларын нығайту үшін Болат Өтемұратов Қорымен ынтымақтасқанымызға қуаныштымыз"- деді Шымкент қаласы білім басқармасының басшысы Тажиева Жанат Арысбекқызы.
Jas Leader Akademiiasy биылғы жылдан бастап Шымкент қаласы мен Түркістан облысының мектептерінде іске асырылуда. Болат Өтемұратов Қоры 5 жыл ішінде еліміздің оңтүстік және батыс аймақтарында жобаны одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр. Жобаны жүзеге асыру үшін 5 млн АҚШ доллары бөлінді. 
Прокомментировать
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Sean Baumgardner
Sean Baumgardner Гости 16 апреля 2022 02:07
Hello Sir! I working for Bizcope SEO company in Bangladesh. My client needing backlinks urgently. So sir, I requesting that you give me a do follow, permanent backlink on your blog. When you are done, please sending me email to confirming. Here is my client website: https://cbdfx.com/collections/cbd-gummies/ Plz also creating a 5 star GMB and Trust Pilot reviewings too. If I do not seeing a backlink in one week, I am create million toxic blog comment spam and redirect backlink to shymkent-mektebi.kz and you can saying goodbye to your Google rankings for 1 year or more. I trust you making correct decision Sir. I giving you 7 days. If I getting link from you, I will also add a back-link to shymkent-mektebi.kz on https://www.patchadam.com/collections/cbd-edibles Best wishes from sunny Bangladesh Dusyanthan Balasubramanian Bizcope | SEO, Web Design & Digital Marketing Company Address: 89/7 Gopibag Biswa Road, Nadian Tower, Level 3 Dhaka, 1203, Bangladesh